Телефоны заведующего:
+7(727) 373-97-63
Телефоны методиста:
+7(727) 373-97-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
24
январь
2019

Қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

Мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, жаңа педагогикалық технологияларды дамыту, тәжірибе алмасу.
Өткізілетін орны: «Қазақ тілі кабинеті»
Қатысушылар: Алмалы ауданы Білім бөлімі балабақшаларының қазақ тілі пәні мұғалімдері
Күні, уақыты: 24.01.2019ж
Сағ: 9:30
ҰОҚ «Қысқы орманға саяхат»
мектеп алды даярлық тобы «Петушок»
Қазақ тілі мұғалімі Құмарова К.Д.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат
Мақсаты: сөздік қорды молайту; қазақ тіліне тән «і» дыбысын ажыратып, дыбысқа сәйкес сөз ойлауды жалғастыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Ойлау, елестету қабілеттерін жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ін, із, жабайы жануарлар.
Қайырлы таң, балалар!
Таңертенгілік шеңбер.

Бүгінгі күніміз қуанышты, сәтті болсын!
Сендер не тілейсіңдер?
Ойын «Сұрақ-жауап»
Телефон шыры естіледі.
-Алло! Сәлеметсіз бе, Айжан!
Аа. Жақсы. Көмектесеміз.
Балалар, Айжан орманға серуендеуге барып мысығын жоғалтып алыпты. Бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе?

Ойын «Қысқы орманға саяхат»
Қазір осы қысқы орманға барамыз.
Балалар, қысқы орманға бару үшін қандай киім киесің?

Орманда қандай жануарлар болады?

Қазақстанда қандай жабайы жануар жоқ?
Көздеріңді жұмып орманда жүргендеріңді елестетіңдер.
Қысқы орман суреті.
Қайда келдік?
Орман қандай?
Қандай жаңылтпаш білесіңдер?

Мысықты қалай табамыз?
Мысықты оның ізі арқылы табамыз.
Із, із. І і і із.
Мынау із.
Мынау не?
Із сөзінде неше буын?
Мында іздер көп.
Слайд бойынша сөзді бекіту. Жануарлар ізімен таныстыру.

Мынау ненің ізі?
Түлкінің ізі.
Мүмкін мынау мысықтың ізі
Бұл ненің ізі екен.
Мысқтың ізін таптық, ал өзі қайда? Мүмкін тығылып отыр.
Мынау ін ғой. І і і ін.
Мынау ненің іні?
Түлкінің іні.
Үйге қайту (көңілді музыка қояды).

Сергіту сәті
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Керіліп, созылып
Беті-қолын жуады.
Бұл не? (мысық)

Орманда не көрдік?
Ін, із бірінші дыбыс қандай?
Ойын «І дыбысы бар сөздерді тап»

-Балалар, мен орманда мына кітапты тауып алдым. Мында жұмбақ жасырған ба, не суреттер екенін білмедім. Мүмкін сендер білесіңдер?
-Есіме түсті, мысықтар өз үйін тауып алады, мүмкін мысық келген шығар, шақырып көрейік.
-Кісс-кісс-кісс.
Мысықтың даусы естіледі.
Балалар, мысық табылды, ол жолды өзі тауып келіпті.
Рахмет, балалар. Қазір мен Айжанға айтамын.

Біз қайда бардық?
Орманда не бар?
Түлкінің «үйі» не?
Қардың үстінде не көрдің?

Күтілетін нәтиже:
Ін, із сөздерін, жабайы жануарлар атауын білуі тиіс.
Жануарлар ізін танып дұрыс көрсете білу.
Жануарлардың іздері әртүрлі болатынын түсініп қабылдау.

Технологиялық картаны толтырған педагог: Құмарова К.Д.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
MirandaFlelo
12 ноября 2019 08:31
В этом что-то есть. Благодарю Вас за помощь в этом вопросе, может я тоже могу чем то помочь?

---
Вас посетила замечательная идея циклодинон похудение, вегетарианство похудение или препарат keto slim экстремальное похудение