"Көрісу күні - амал мерекесі"
Балабақшада Көрісу күні – балаларға мейірім мен сыйластықтың мәнін түсіндіретін ерекше күн. Бұл күні кішкентай бүлдіршіндер бір-бірімен қол алысып, «Бір жасыңмен!» деп жылы тілектерін айтып, амандық-саулық сұрасады. Осы арқылы олар ұлттық дәстүрдің терең мағынасын жүрекпен сезінеді.
Тәрбиешілер балаларға бұл мерекенің мәнін түсіндіріп, қазақ халқының бауырмалдық, кешірімділік қасиеттерін дәріптейді. Балалар ұлттық киім киіп, тақпақ айтып, ән шырқап, шағын көріністер көрсетеді. Бұл мереке олардың бойына ізгілік, құрмет, достық сезімдерін ұялатады.
Көрісу күні – өткен өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алудың белгісі. Балабақшадағы осындай тәрбиелік шаралар арқылы балалар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, елжанды, мейірімді болып өседі.

