15
ақпан
2024
"Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы"
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасының аясында балабақшамызда «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты балабақша бүлдіршіндері мен ата-аналары арасында ұйымдастырылған іс-шара өтті. Іс-шараға «Ақбота» мектепалды тобы мен «Аққу» және «Ойыншықтар» ересек топтарының бүлдіршіндері мен ата-аналары белсене қатысты. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті.«Сөздің көркі - мақал» кезеңінде тақтада көрсетілген суреттерден мақал-мәтелдерді тапты, «Жасырамын жұмбақ» кезеңінде жұмбақтар шешті, «Жаңылтпаштан жаңылма» кезеңінде жаңылтпаштарды тез әрі жаңылмай айтты, «Ерте, ерте,ертеде» кезеңінде аудио ертегіден үзінді тыңдап, қай ертегі екенін тапты. Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан қатысушыларымыз мақтау қағазы мен естелік сыйлықтармен марапатталды.