Өрт қауіпсіздігі туралы педагогтерге арналған нұсқаулық » ГККП "Ясли сад №74"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№74 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 373-97-63
Әдіскер:
+7(727) 373-97-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өрт қауіпсіздігі туралы педагогтерге арналған нұсқаулық
24
ақпан
2026

Өрт қауіпсіздігі туралы педагогтерге арналған нұсқаулық


Бүгін балабақшамызға Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасынан аға инструктор Заманитдинов Рустам Джалалдинович мен өрт сөндіруші, құтқарушы кіші сержант Абаев Жандос Бақытұлы арнайы келіп, ұжымға арналған қауіпсіздік бойынша маңызды инструктаж өткізді. Кездесу барысында мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы бір мәрте еске салды.

Әсіресе, өрт сөндіргіш құрал – огнетушительді дұрыс әрі тиімді пайдалану тәсілдеріне ерекше тоқталды. Қызметкерлерге өрт сөндіргіштің құрылымы, оны іске қосу тәртібі және қауіп төнген сәтте сабыр сақтай отырып әрекет ету жолдары практикалық түрде көрсетілді. Мамандар әрбір сұраққа жауап беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай тағылымды кездесулер ұжымның қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдауға үлкен септігін тигізеді. Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі – басты назарда екені тағы бір мәрте айқындалды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив