"Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі" тренинг

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында өткізілген әдістемелік тренингтің толық жоспары
Өткізілген орны: №74 бөбекжай-балабақшасы
Өткізілген күні: 16.03.2026 ж.
Қатысушылар: мектепке дейінгі ұйым педагогтері
Жауапты: әдіскер Бақыт А.А.
Тренинг тақырыбы:
1. «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі»
2. «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыратын тәлімгер»
Мақсаты:
Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың кәсіби қызметіндегі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту және балалар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырудағы педагогтің рөлін түсіндіру.
Міндеттері:
-педагогтердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
-педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі туралы түсінік беру;
-құқықтық тәрбие берудің тиімді әдістерін талқылау;
-практикалық жағдайларды (кейстерді) талдау арқылы тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже:
-педагогтер құқықтық нормалар туралы білімдерін жетілдіреді;
-кәсіби қызметте заң талаптарын сақтау қажеттілігін түсінеді;
-балаларда тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын меңгереді.
ІС-ШАРА БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі (5–10 минут)
Тренингтің мақсатымен таныстыру
Қатысушыларды шағын топтарға бөлу
2. Кіріспе бөлім (10 минут)
Тақырып: «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»
Модератор педагогтің қоғамдағы рөлі мен заң талаптарын сақтау мәдениетінің маңыздылығы туралы қысқаша түсіндірме береді.
3. Теориялық бөлім (20 минут)
Тақырып: «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі»
Қарастырылатын мәселелер:
- педагогтің кәсіби құқықтары
- педагогтің міндеттері
- педагогикалық әдеп нормалары
- бала құқығын қорғау
- ата-аналармен қарым-қатынас мәдениеті
4. Практикалық бөлім – Кейстер (30–40 минут)
Қатысушылар топтарға бөлініп, ұсынылған жағдайларды талқылайды.
Кейс 1.
Ата-ана педагогтің жұмысына негізсіз шағым жасады.
Сұрақ: педагог қандай құқықтық және кәсіби әрекет жасауы керек?
Кейс 2.
Балалар арасында тәртіп бұзушылық орын алды.
Сұрақ: педагог бұл жағдайда қандай тәрбиелік және құқықтық әдістер қолдануы керек?
Кейс 3.
Баланың құқығы бұзылған жағдай байқалды.
Сұрақ: педагогтің әрекеті қандай болуы тиіс?
Әр топ өз шешімдерін таныстырады.
5. Талқылау және пікір алмасу (15 минут)
Қатысушылар келесі сұрақтарды талқылайды:
-педагог заңға бағынатын мінез-құлықты қалай қалыптастырады?
-мектепке дейінгі ұйымдарда құқықтық тәрбие қалай жүргізілуі тиіс?
-педагогтің кәсіби жауапкершілігін арттыру жолдары.
6. Қорытынды бөлім (10 минут)
-тренинг қорытындысын шығару
-қатысушылардың пікірлері
-ұсыныстар мен қорытындылар