12
февраль
2019
Біз балалармен не істей аламыз? (ата-анамен жұмыс)
«Біз балалармен бірге не істей аламыз?»
Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету; Ата-анамен арадағы байланысты нығайту.
Дамытушылық: Тілдік – қатынастық дамуын қамтамасыз ету.Ұжым болып жұмыс істеуді, қол еңбегінің дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру, бейімі мен қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік:отбасы мен қоғамның дәстүрлері мен құндылықтарына тәрбиелеу.
Балалар жұмыс жасауға ыңғайланған, безендірілген залға қатармен кіреді.
Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң балалар!
Жұмыс барысы:
Құрметті балалар және қонақтар, бүгін біз ойластырылған тамаша кездесуімізді бастаймыз.
Біздің бұл кездесуіміз қызықты әрі есте қаларлықтай болады деп ойлаймын.
Балалар сендерге карточкалар үлестірейін, қолдарыңдағы карточка түсіне қарай үстелдерден орын алып жайғасыңдар. (үш үстел: қызыл, көк, сары)
(Балаларға сұрақ)
-Балалар сендер өз ата-аналарыңды көрген кезде не ойладыңдар?
-Ата- аналар құр алақан келген жоқ секілді.
Иә, бүгін аналарымыз бізбен бірлесе жұмыс жасауға келген екен.
1 ші үстел (түсі қызыл)
Санжардың анасы Айдана Алдибекқызы жайғасады.
2 ші үстел (түсі көк)
Аянаттың анасы Бота Байтұрсынқызы жайғасады.
3 ші үстел (түсі сары)
Асельдің анасы Мадина Құласбайқызы жайғасады.
-Айдана Алдибекқызы бүгін сіз балалармен бірлесе не жасауды ұйғардыңыз?
- Мен бүгін сіздерге бутерброд жасап үйреткелі келіп отырмын. Мұндай бутербродтар баланың тәбетін ашып, ұзақ күнге көтеріңкі көңіл- кдомсыйлайды. Мұндай бутербродтарды жасау үшін қажетті азық- түліктер:
арнайы нан, шұжық, ірімшік, салат жапырағы,қияр, майонез, кетчуп. Ал, ендеше балалар, кім бутерброд жасап үйренеміз дегендерің
маған жақын келіңдер, орын алыңдар.
- Бота Байтұрсынқызы сіз өзіңіздің асханаңыздан қандай жаңалық әкелдіңіз?
-Мен бүгін балаларға тәтті печенье жасауды үйреткелі келдім. Осындай тәтті печенье жасау, біздің отбасымызда дәстүрге айналған. Қызым Аянат печеньені жасасуды жақсы көреді, бар ынтасымен маған көмектеседі. Печенье жасауға арнайы қамырды үйден даярлап келдім.
Ал, ендеше балалар, кім тәтті печенье жасап үйренеміз дегендерің бері келіңдер, жақсылап орналасыңдар.
-Мадина Құласбайқызы бүгін сіз балалармен бірлесе не жасауды ұйғардыңыз?
-Мен бүгін салат жасағалы келдім. Салатты әр отбасы күнделікті және мерекелерде жасайды. Балалар осындай кездерде анасына қолғабыс етсе нұр үстіне нұр болады деген оймен салат жасауды ұйғардым.
-Ал, ендеше балалар, кім дәмді салат жасап үйренеміз дегендерің
келіңдер.
Ал, аналар, сіздерге сәттілік тілейміз!
Мен сіздердің көңілдеріңіз көтеріңкі болу үшін баяу әуен қойып берейін.
Аналар балалармен жұмысқа кіріседі, тәрбиеші үш үстелге кезек барып жұмыстарын көріп, ақыл-кеңес беріп балаларға көмек қолын созады.
Міне біздің аналарымыз балалармен бірлесе жасайтын жұмыстарының мәресіне жеткен секілді.
Олай болса, аналар сөз тізгіні сіздерде. Көздеген мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?
1 үстел
Айдана Алдибекқызы
Иа мен өз ойымдағыдай жұмысымыз жасалды деп айта аламын.
Балаларға ұнаған болар
Балалар сендерге ұнады ма?
Балалардың арасында өз ұлымның жұмыс жасағанын көріп қуанып қалдым.
Әрине мұндай кездесу алдыңғы уақытта жалғасын табады деген ойдамын. Себебі, мұндай кездесуден баламызбен бірге үйде не істеуге болатынын көрдік, түрлі ойлар туындап, өрісіміз кеңейіп қалды.
2- үстел
Бота Байтұрсынқызы
Мен балалармен күнде печенье пісіріп жүргендей әсер алдым. Балалардың қолдары машықтанған, жаттыққан. Балаларға өте қызықты әрі тартымды болды. Печенеміздің дәмін піскен соң татып, балалардан тағыда сұрай жатармыз, өйткені олардың әрқайсысы өз печеньелеріне сондай ынты-ниетімен жасағандарын байқадым. Бүгінгі кездесу сондай керемет ойластырылған екен. Қазіргі кезде балабақша мен отбасының ынтымақтастығы маңызды өйткені баланы бірлесе тәрбиелеген дұрыс деп ойлаймын. Рахмет сіздерге!
3-үстел
Мадина Құласбайқызы
Бүгінгі кездесуіміздің өзі ерекше болып отыр. Ата-аналармен араласып, балаларымыздың ұжымдық жұмысқа араласқанын көріп көңілім марқайып қалды. Бүгін мен балалармен салат жасаймын деп келгем. Әрине салатымызды жасадық, балалар салат жапырақтары мен қырыққабат жапырақтарын ұсақ етіп үзіп жұмыс жасады. Салатымыздың түсі керемет үйлесіп, дәміде тамаша болды. Балаларды домжұмысына жастайынан араласуға болатынына менің көзім жетті. Рахмет!
-Балалар сендеге бүгінгі кездесуіміз ұнады ма?
(Балалардың жауабы)
Сергіту сәті:
(Балалар шеңберге тұрады. Әнімен қимыл жасап айтады.)
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Асқар тауды, бауды да,
Бояған ақ түспенен.
Қыс дегенің аймақ па?
Қатып қалған қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен,
Қыр басынан сай жаққа.
Қыс деген ақ қар ма?
Үлпілдеген мақта ма?
Тыным таппай күн ұзақ,
Тұрғызамыз ақ қала.
Ал, бүгінгі кездесуіміздің келесі айналымын ойынмен жалғастырайық.
Ойын: «Мен саған сенемін!»
Әр үстел басындағы анаға бір бала құлағына сыбырлап бір зат па немесе жанды нәрсеме айтады. Ананың көзін байлап, қолына маркер беріп, маркермен тақтаға суретін салуды ұсынады. Көзі байлаулы ана баланың сенімімен тақтаға сурет салады.
Ойын әр үстелге жеке өтіледі.
Ойын өте қызықты болды. Жарайсыздар! Әрине біз бір серпіліп қалдық. Рахмет сіздерге!
Балалар бүгінгі қонаққа келген аналарға арнап тақпақтар айтып беріңдерші
1-бала
Анашым, анажаным,
Сағынып салар әнім.
Бар ма жан сенен артық,
Түсінер бала жанын
2- бала
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың
3-бала
Айналайын анашым –
Әлемдегі жаны асыл.
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
4-бала
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Бәрекелді балалар!
Балалар келіңдер аналарымызға, балабақша тәрбиешілеріне арнап
«Ақ анам» әнін орындайық
(Балалар жарты шеңберге тұрады.)
Ән «Ақ анам»
Ананың үніменен таң атады,
Ананың әлдиімен күн батады.
Жетелеп ертегілер әлеміне,
Әлдилеп балапанын жұбатады.
Айналайын ақ мамам
Өзіңменен мақтанам.
Дәл өзіңдей анаға,
Бала болу бақ маған.
Ананың аялаған алақаны,
Мен оның еркелеген балақаны.
Мейірім шапағаты тұнып тұрған,
Қанатын саялаған балапаны
Айналайын ақ мамам
Өзіңменен мақтанам.
Дәл өзіңдей анаға,
Бала болу бақ маған.
Рахмет балалар!
Тәрбиеші:
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен - ақ байсалды, тындырымды, тіл алғыш етіп тәрбиелеген жөн дей келе бүгінгі кездесуімізді аяқтаймыз.
Құрметті аналар бүгін сіздердің бізбен өз ойларыңызбен, тәжірбелеріңізді бөліскендеріңізге көп рахмет! Алғысым шексіз!
Сау болыңыздар!