22
январь
2019
"Тілегіміз бейбіт күн"
Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай балабақшамыздың мектепалды даярлық "Аққу" тобында «Тілегіміз бейбіт күн» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ұйымдастырылды
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Тілегіміз бейбіт күн»
Мақсаты: Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу. Балаларды Отанды қорғауда Отанына қызмет етуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Көгершін суреті, күн, слайд, Ақ қағаз, гуашь, қол орамал.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос қушағын кеңге ашқан.
Тілейміз тыныштық!
Ашық болсын көк аспан!
Мықты болсын іргеміз!
Бәріміз де біргеміз!
Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
-Балалар біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстанның елордасы, астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасы елбасы кім?
-Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады?
- Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Барлық ұлттар бір-біріне бауырлас, тату, жақсы сыйластықта өмір сүруде. Слайд көрсету.
- Қазақстан Республикасы бейбіт, байтақ, кеңпейіл, қонақжай ел. Біздің елімізде мақтан тұтатын ағаларымыз, апаларымыз көп. Олар Отан үшін аянбай еңбек етуде. Біздің көп ұлтты еліміз көршілес елдердің басына ауыр күн туған кездерінде көмегін беруден еш аянбаған.
-Балалар сендер бейбітшілік туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Сергіту сәті:
1, 2, 3
Бойға жинап күш.
Шынығамыз таңертең.
Ағалардай Отанға ,
Қызмет жасаймын мен ертең.
Дидактикалық ойын:
«Күннің шуағы»
Ойынның мақсаты: балалардың «бейбітшілік» туралы білімдерін бекіту. Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: Күннің нұрын бұлт жауып қалған. Күнді бұлттан құтқару үшін, сұрақтарға жауап беру керек. Түгел сұраққа жауап берген кезде, күн бұлттан шығып, нұрын шашады.
Сұрақтар:
-Отан деген не?
- «Бейбітшілік құсы» қандай құс?
-Елімізде адамдар қай тілде сөйлеседі?
-Өз еліңді қалай мақтан етесің?
-Елімізге не тілер едіңдер?
Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін сұрайды.
Балаларды мадақтап аяқтайды.
Шығармашылық жұмыс:
«Тілегіміз бейбіт күн»
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау маңыздылығын,
Нені игереді: Бейбітшілік символы патриоттық сезімді.
Нені біледі: Отанды құрметтеуді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Туғанбаева О.Т