"Шын жүректен кітап сыйла" №34 гимназиядан тарту
Алматы қаласы Білім басқармасы қарасты №34 гимназия оқушылары біздің балабақшаның мектепалды топ бүлдіршіндеріне арнап «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы аясында ерекше игі іс жасады. Аталған шара барысында оқушылар кішкентай достарына әр түрлі жанрдағы кітаптарды – ертегілер, санамақтар, жұмбақтар, қызықты әңгімелер мен танымдық энциклопедияларды тарту етті. Бұл сыйлықтар бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына жол ашады. Кітап – білімнің кілті,